×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тоқаев: Садыр Нұрғожоевич айтты – пікірімен толық келісемін

19.04.2024, 12:16
Ақорда

Ақордада шағын құрамдағы келіссөздерден кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқаев: тарихи келісімге қол қоямыз

Мемлекет басшысы алдымен, шақыртуды қабыл алған Садыр Жапаровқа алғыс айтты. Бұл сапарға өзі ерекше мән беретінін жеткізді. 

– Қырғызстан біз үшін бауырлас ел әрі маңызды, сенімді серіктес. Халықтарымыздың мызғымас достығы ортақ тарихқа және рухани құндылықтарға негізделген. Осындай бастауы бар қазақ-қырғыз қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр, – деді Тоқаев. 

Бұл тұрғыда мемлекет басшысы екі ел одақтастық байланысты нығайтуды қолға алғанын атап өтті.

– Бүгін біз тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз қатынастарының дамуына тың серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан үлкен үмітпен қарап отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің отырысы ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады деп санаймыз, – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін көптен күткен маңызды басқосуға жиналдық деп есептейтінін жеткізді. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуына осы кеңесті өткізуге ықпал еткені сөзсіз деді.

– Отырыс барысында қазақ-қырғыз ынтымақтастығының ең өзекті мәселелері қаралады. Біз Қырғызстан президентімен шағым құрамда келіссөз өткіздік. Қарым-қатынасты кеңейтуге бейілді екенімізді тағы да растадық. Садыр Нұрғожоевич екі ел арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе болмауы керектігін айтты. Мен бұл пікірмен толық келісемін. Уақыт сынағынан өткен ықпалдастығымыздың келешегі зор екеніне кәміл сенем. Бұл бағытта бір кісідей күш жұмылдыруымыз қажет. Осы орайда жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын дамытуға ерекше серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ бұл қадам әріптестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – деді Тоқаев.

Жапаров не деді?

Қырғызстан басшысы Қазақстанға ресми сапармен шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. 

– Бұл іс-шара мемлекетаралық мәмілелерімізді жаңа сапалық деңгейге көтеріп, қырғыз-қазақ мәселелерінің шешімін шыңдай түседі, – деді ол.

Садыр Жапаров Қырғызстан Қазақстанмен екіара қарым-қатынасты тереңдетуге, жаңа әріптестікке бағытталған қадамдарды жасауға дайын екенін жеткізді.

– Біздің өлкелеріміздің арасында ешқандай саяси қарама-қайшылықтар жоқ, – деді ол.

Жапаров сонымен бірге, елде болып жатқан су тасқыны жайлы айтты.

– Біз қоныстас Қазақстанда болып жатқан су тасқынына байланысты хабарларды тынымсыздықпен көріп отырмыз. Сіз қолға алған шаралар мәселелер реттейтініне терең сенеміз, – дейді Садыр Жапаров.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Ақордада күтіп алды. 

Серіктес жаңалықтары