×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ақордада Тоқаев пен Жапаров келіссөз жүргізіп жатыр

19.04.2024, 11:13
Фото: Ulysmedia.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Ақордада күтіп алды. Көрші ел Президентінің сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға рапорт берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің әнұранын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан әрі мәртебелі мейман мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде Садыр Жапаров тоқтап, басын сәл иіп, ілтипатын білдірді.
Салтанатты рәсімінен кейін Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Бүгін жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады.

Серіктес жаңалықтары