×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Петропавла ер адамның имамды не үшін ұрғаны белгілі болды

19.04.2024, 12:46
Петропавла ер адамның имамды не үшін ұрғаны белгілі болды
Фото: видеодан скрин

Петропавлда белгісіз ер адам мешіт имамын ұрып, сот шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Оқиғаның қалай өрбігені белгілі болды. Ер адам су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек таратып жатқанын телефон арқылы видеоға түсірген. Оның бұл әрекеті жергілікті имамға ұнамай, оған ескерту жасайды. Осы кезде ол дін қызметкеріне жұдырық ала жүгірген.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша қозғалған іс қаралды.

Бетінен жұдырықпен екі рет ұрған

Cотта 2024 жылы 15 сәуірде сағат 15:00 шамасында Петропавл қаласындағы облыстық Қызылжар мешітінде азамат Р. көп адамның көзінше жанжал шығарып, азаматтарға дөрекілік танытып, ақыры имамды бетінен жұдырықпен екі рет ұрғаны анықталды.

Ол осы арқылы ұсақ бұзақылық жасап, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады деп танылды, - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімімен сотталушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.