Атырауда теракт жасағалы жатқанын айтып елді дүрліктірген мектеп оқушысы болып шықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Тоғызыншы сынып оқушысы екен
Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын анықтаған. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді. Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.
«Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.» - деді Polisia.kz.
Кеше
Бұған дейін әлдекімнің Астана мектептерінде теракт жасаймын деген хабарламасының тарағанын айтқан едік. Полиция департаменті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Бірақ бұл хабардан шошыған кей ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартқан.