×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

“Адам болып өмірге келген соң, адам болу - міндет” Бишімбаев сотындағы прокурор жазба жариялады

20.04.2024, 00:00
aimaganova_a парақшасынан

Қуандық Бишімбаевқа қатысты өтіп жатқан сот процесіндегі мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өз оқырмандары үшін жазба жариялады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісіндегі мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова ел арасында танымал болып кетті. Қазіргі таңда оның инстаграмм парақшасында 241 мың оқырман бар. Тіпті прокурордың атын пайдаланып бірнеше жалған парақшалар да ашылған. Бүгін ол өзінің инстаграмм парақшасында жаңа видео жариялап, ішкі жан тебіренісімен бөлісті. 

“Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парағым, менде тик-ток жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым.” - деп жазды Аймағанова өз парақшасында.  
 

Және ол қолдаулары үшін оқырмандарына алғысын білдірді.  

“...Болып жатқан істерге бей-жәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы- жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол үшін беріп көмектесейік.”- деп түйіндеді ол сөзін.  

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары