×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Ашкөздік пен қымбатшылықты ажыратып алсақ - Жұманғарин

03.11.2021, 12:10
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстанда азық-түлік неліктен қымбаттап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

«Қазір азық-түліктің нақты қай түрлерінің бағасы өсіп кеткенін айтып бергім келеді. Жалпы 10 айдың ішінде әлемде азық-түлік қымбатшылығы 33 пайызды құрағанын атап өткім келеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі барын білесіздер. Оның жартысы бойынша импортқа тәуелдіміз. Тиісінше, егер күнбағыс майы бізде 30% қымбаттаса, әлемде 60% қымбаттады. Сол секілді қант бізде 14%, әлемде 54%, бидай бізде 12%, әлемде 41% қымбаттады. Демек, азық-түліктің қымбаттауына әлемдегі қымбатшылық әсер етеді. Біз оны қымбатшылықтың объективті себебі ретінде қарастырамыз», - деді Серік Жұманғарин мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазір әлемдегі мемлекеттер азық-түлік қымбатшылығынан бұрын өз елдерін қажетті азық-түлікпен қамту мәселесін бірінші орынға қойып отыр. Ол мемлекеттер биржалық нарықты бағалары көтеруде.

«Бразилияда жаз салқын болып еді – қант бағасы өсіп шыға келді. Себебі мемлекеттер қант аз болып кете ме деп қорқады. Екіншіден, біздің елде теміржол тасымалының құны 18%, электр энергиясы 15-20%, жанар-жағармай бағасы 12-15% қымбаттап кетті. Бұл да – объективті факторлар. Үшіншіден, біз осы объективті факторларды субъективті факторлардан ажыратып алуымыз керек. Оның ең қарапайым түрі сол – адамдардың жай ғана ашкөздігі. Біз өз бағасын әділетсіз түрде белгілейтін адамдарды анықтауымыз керек», - деді ол.

Серік Жұманғарин қазір мемлекет баға көтеруге қарсы күрестің жұмсақ әдісі қолға алынғанын атап өтті.

«Егер біз заңбұзушылықты байқасақ, жай ғана ескертеміз. Осылайша, бұған дейінгі 68 ескертудің 63-і орындалды. Бағаларды белгілеуді қойып, оларды шекті түсірді. Сауда желілеріне рахмет. 130 сауда желісімен меморандум жасалды. Келісім бойынша олар бағаны 15% дейін көтеруге құқылы. Алайда олар бағаны 10% дейін түсіріп отыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары