×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Porsche кілті қалтада: Рыбакина Штутгарт турнирінде топ жарды

21.04.2024, 17:34
Ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Отандасымыз ақтық сында әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездескен екен. 2023 жылы Аделаиде (Аустралия) турнирінде Костюк 6:7 (5:7), 6:2, 6:3 есебімен ұтса, АҚШ ашық чемпионатында Рыбакина есе қайырған еді – 6:2, 6:1.

Бұл жолы қазақстандық теннисші матчты брейкпен бастады – 2:0. Бұдан кейін есепті 5:2-ге жеткізіп, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. 

Екінші партияда да Рыбакина 2:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан соң төртінші матчболын пайдалана алды – 6:2.

Бір сағат 9 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. 

Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Штутгарт жарысының чемпионы атанды. Ол 500 рейтингілік ұпайға қоса Porsche автокөлігіне ие болды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Рыбакинаға Porsche көлігі бұйыра ма деген сауалға жауап іздеген едік.

Серіктес жаңалықтары