×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Рыбакинаға Porsche көлігі бұйыра ма

20.04.2024, 13:33
Мұрағат

Бұл күндері Германияның Штутгарт қаласында WTA 500 турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина бүгін жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ақтық жолдамаға таласады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Айта кетейік, турнирдің жеңімпазы қаржылай сыйлық, рейтингтік ұпайдан бөлек, Porsche темір тұлпарын иеленеді.

Жартылай финалдың бәсекесі Қазақстан уақытымен бүгін сағат 17.00-де басталады.

Бұл қос спортшының өзара алтыншы кездесуі болмақ. Әзірге есеп – 3:2, Елена Рыбакина алда. Бірақ биыл Доха жарысының финалында И.Швентек 7:6 (10:8), 6:2 есебімен басым түскен еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Рыбакина Ulysmedia.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген болатын.

Серіктес жаңалықтары