×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

22.04.2024, 09:32
Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан
Фото: Lada.kz

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция желіде жарияланған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Lada.kz сайтының жазуынша, бұл жағдай Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде болған.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан ер адамның кішкентай балалардың көзінше әйелдің қолын қайырып, аузын жауып тұрғаны көрінеді. Ол әйелді біраз уақытқа босатып, айналада куәгерлердің жоқтығына көз жеткізу үшін жан-жағына қарайды. Сонан соң оны лифтке итеріп кіргізіп, құлатып, шашына жармасады. Осы кезде бейнежазбадан кішкентай баланың қорқып жылағаны, әйелдің айқайлап жатқаны естіледі.

Полиция күдіктіні іздеп жатыр

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл жайттың Ақтауда болғанын растады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Тик-ток және басқа да әлеуметтік желілерде  24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат тараған. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады деп жазылған. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін хабарлады.