×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

“Таяқпен ұрып, мұздай су құйған.” Астанада ҰҚК бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты

22.04.2024, 19:45
Ашық дереккөзден

Астанада құрамында алтыны бар шикізатты ұрлады деп айыпталған 13 тұтқынды азаптау ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Бұл туралы  Ақмола гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Тек бұйрықты орындадық”

Сотталушылар орындығында  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрт  қызметкері болды. Олар ҚР ҚК – нің 146-бабы:  "қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас, азаптау" бойынша күдікке ілінген. Олардың барлығы өз кінәсін мойындады. Алайда өздерінің  тек бұйрықты орындағандарын алға тартты. 

Сот  2023 жылдың 5 қазанында  басталған еді. Қылмыстық істі 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қозғаған.  

Резеңке таяқпен ұрып, суық су құйған

Азапталғандар “Алел" зауытының қарамағындағы "Суздаль" кенішінде құрамында алтын бар шикізатты ұрлады деген күдікке ілінген. Олардың жақындарының айтуынша, күдіктілер екі жыл бойы Астананың тергеу изоляторында болған.   

"Олардың аузына қайнатқышты салып, оны тоққа қосқан. Резеңке таяқпен ұрып, жұдырықтап, наурыз айында үстеріне суық су құйып, жалаң аяқ  көшеге шығарған. Және тағы 20 сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүрлеген. Егер біреу қозғалса, оларды ұрып-соққан. Адамдар бірнеше күн ұйықтамаған. Сондықтан олар нә нәрсеге қол қойғандарын да білмейді. Қабырғалары, өкшелері сынған, бір адамға операция жасалған, құлақ қалқандары жарылған. 46 адам азапталса, соның ішінде 32сі -ұрлық жасады деген күдікке ілінген біздің жігіттер", - деді жәбірленушілердің бірінің әпкесі Құралай Өмірбаева.

6 жыл, 6 ай

Сот шешімімен сотталушылар кінәлі деп танылды. 

  • Еркін Аманов 6 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай – ақ, ол мемлекеттік награда - "Жауынгерлік ерлігі үшін"медалінен айырылды. 
  • Қайрат Сартаев, Қуандық Мұхтарханов және Хамит Әбдіғали 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай – ақ, Әбдіғали мемлекеттік награда - "Жауынгерлік ерлігі үшін"медалінен айырылды. 

  

 

Серіктес жаңалықтары