×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрған азамат ұсталды

22.04.2024, 20:45
Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрған азамат ұсталды
Фото: Lada.kz

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақтау қаласының полиция департаменті мәлімдеді. 

Қылмыстық іс қозғалды

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қарсы қылмыстық із қозғалды. Қалған мәлімет тергеу мүдессіне сәйкес жария етілмейді,”- деді Ақтау қаласының ПД. 

Қолын қайырып, аузын жауып тұрған

Бұған дейін Ақтауда азамат балаларының көзінше әйелін ұрғанын хабарлаған едік.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан ер адамның кішкентай балалардың көзінше әйелдің қолын қайырып, аузын жауып тұрғаны көрінеді. Ол әйелді біраз уақытқа босатып, айналада куәгерлердің жоқтығына көз жеткізу үшін жан-жағына қарайды. Сонан соң оны лифтке итеріп кіргізіп, құлатып, шашына жармасады. Осы кезде бейнежазбадан кішкентай баланың қорқып жылағаны, әйелдің айқайлап жатқаны естіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Тик-ток және басқа да әлеуметтік желілерде  24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат тараған. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады деп жазылған. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін хабарлады.