×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

“Қайда отырғызды, сонда отырдық.” Собчак Бишімбаев сотына не үшін келгенін айтты

23.04.2024, 00:20
“Қайда отырғызды, сонда отырдық.” Собчак Бишімбаев сотына не үшін келгенін айтты
Әлеуметтік желіден

Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев ісіне қатысты сот процесіне өзін ешкім шақырмағанын мәлімдеді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Телеграмм арнасында жауап берді

Бүгін Астанада өтіп жатқан Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты кезекті сот отырысына ресейлік белгілі журналист Ксения Собчак қатысты. Оның мұнда не үшін, кімнің шақыртуымен келгенін ешкім білмеді. Бұл туралы сұраған журналистерге де Собчактың өзі жауап бермеді. Көрермендер оның неліктен жәбірленуші тараптың орнына жайғасқанын түсіне алмай дал болды. Бұған Ксения Собчактың өзі телеграмм арнасында былай жауап берді. 

“Біраздан бері айналысып келеміз”

“Бүгін қазақсандық және ресейлік БАҚ Қазақстанның экс-министрі Қуандық Бишімбаев сотындағы менің “ерекше жағдайым” туралы жазды. Яғни, басқа журналистер тұрып тұрғанда біз жәбірленушілердің орнында отырдық деп. Достар, біз бұл тақырыппен біраздан бері айналысып келеміз. Салтанаттың өлімі туралы бірінші күннен бастап жаздық.” деді ресейлік журналист. 

“Ешкім шақырған жоқ”

Сондай-ақ ол өзін бұл процесске арнайылып ешкімнің шақырмағанын, өз қалауымен келгенін мәлімдеді. 

“Бізді соттың тараптардың ешқайсы шақырған жоқ. Мен Жоғары сот арқылы аккредитациядан өттім. Оның баспасөз хатшысымен менің командам байланыста болды. Бізді қайда отырғызды, сонда отырдық”,- деп жазды Ксения Собчак.  

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.