×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Пенжімдегі оқушылар қақтығысы: БҒМ видеоны өшіріп тастады

03.11.2021, 15:15
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында Панфилов ауданы Пенжім ауылындағы жаппай төбелес ұлттық сипаттағы қақтығыс салдарынан болған. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК ювеналді полиция және әйелдерді қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мектеп оқушыларының арасында ұлтаралық сипатта қақтығысып қалу жағдайлары болған. Осындай жағдайлар қазан айының өзінде БҚО және таяуда ғана Алматы облысы Пенжім ауылында тіркелді. 9-10 сынып оқушылары арасында топтасып төбелескендер ұлтқа бөлінген. Пенжімдегі төбелестің видеоролигі әлеуметтік желілерде ұзақ талқыланып, қоғамда үлкен реакция туғызды. Уақытында қабылданған шаралардың арқасында біз қақтығысты тоқталып, ұлтаралық араздыққа жол бермедік», - деді Әсет Оспанов.

Еске сала кетсек, 27 қазанда Панфилов ауданы Пенжім ауылында болған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Оқушылардың қақтығысы салдарынан сол күні кешке көшеше жиналған ұлты қазақ азаматтар ұлты ұйғыр азаматтардан кешірім сұрауды талап еткен еді. Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат ulysmedia.kz тілшісіне Пенжім ауылында сол күні не болғанын айтып берген.

Айта кетерлігі, осы отырыстың видеосы білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан көп өтпей жойылды.

Серіктес жаңалықтары