×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Іш киіміне қол салған»: Алматыда 10 жастағы балаға азғындық жасамақ болған ер адам ұсталды

23.04.2024, 15:03
Фото: видеодан скрин

Алматыда 10 жастағы балаға азғындық жасамақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

45 жастағы ер адам 10 жасар баланы пәтеріне кіргізіп, тиіспек болған. Бірақ бала пәтерден жүгіріп шығады. Бейнебақылау камераларына бұл түсіп қалған, баланың анасы осы видеоны желіге жүктеп, қоғамдық резонанс тудыруды сұрайды. 

Әйелдің айтуынша, баланы зорламақ болған күдікті бірден ұсталған, десе де полиция қызметкері одан арыз жазбауды өтінген көрінеді. Содан кейін ер адамды келесі күні босатып жіберген. Бір топ тұрғын үйдің алдына шығып, бұған қарсы шықты. Олар полиция бөлімшесіне бет алып, мәселені шешуді талап еткен еді. Осыдан соң ер адам қайтадан қамауға алыныпты. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті қамауға алынды, іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, – деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары