«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова еліміздің 2 өңірінде жоғары өрт қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста бұршақ түседі. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, - деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.