×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Қарғыстарын жаудыра берсін»: адвокаты Бишімбаевты неге қорғауға алғанын айтып берді

24.04.2024, 13:59
«Қарғыстарын жаудыра берсін»: адвокаты Бишімбаевты неге қорғауға алғанын айтып берді
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Адвокаты Қуандық Бишімбаев тек жасаған қылмысы үшін (аса қатігездікпен өлтіру бабы емес) жазалануы керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер қорғаушы Лейла Рамазановадан көріпкелдің айғақтарын қалай бағалайтынын және жалпы бұл істі неге қолға алғанын сұраған.

Адвокаттың жаубаы

– Біз жаза жасалған қылмысқа сәйкес берілуін талап етеміз. Байжановтың сөзіг естідіңіздер ғой:, ол көріпкелдің "жедел жәрдем шақырыңдар" деген сөзін естімегенін айтты. Куәгерлерден жауап алғанға дейін де осы әңгімеге қатысты кеңейтілген айғақтар болды, ол жауаптарында (Бишімбаев) ол оған (көріпкелге) сеніп қалғанын айтты.

Мен куәгердің айғақтарына баға бере алмаймын. Жарыссөзде бағасын бере жатарыз. Бишімбаев онымен бизнестегі мәселелер бойынша кеңескен. Егер сіз Салтанаттың өзі жазған сөзді еске түсірсеңіз, ол да оны (көріпкелді) атап өтеді. Қорытындысын өзіңіз жасаңыз, фактілерге қараңыз, - дейді ол.

Тағы не деді

– Республикалық адвокаттар алқасының мәлімдемесі маған моральдық қолдау бола білді. Заңға сәйкес, адвокат қорғаушы рөлінен бас тарта алмайды. Басқалар не ойласа, солай ойласын. Қарғыстарын жаудыра берсін, одан ары кетірсін, бәрібір. Мен өзіме және фактілерге сенемін.

Мен оны аса қатігездікпен кісі өлтіру бабы бойынша кінәсіз деп есептеймін. Оның кісі өлтіру пиғылы болған жоқ. Жасаған қылмысына қарай жазасын алсын, - деді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.