×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Тасқын салдары: Енді ет қымбаттай ма?

25.04.2024, 20:45
Ашық дереккөзден

Бұл сұраққа Сенат қабырғасында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жауап берді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

“Ет бағасына әсер етпейді” 

Вице-министрді мәліметінше су тасқыны салдарынан барлығы 8 мың бас мал өлген.  

 "Бұл Қазақстан бойынша жалпы мал басының – 0, 01%, сондықтан бұл нарықтағы және дүкендердегі ет бағасына әсер етпейді", – деді Бердалин.  

 Аманғали Бердалин сүт өнімдерінің де бағасы көтерілмейді деп сендірді. Тіпті келер жылы баға тұрақталып қалуы да мүмкін.  

"Біздегі сүт өндірісі жыл сайын ұлғайып келеді. Келесі жылы біз 100% ішкі нарықты өзіміздің сүт өнімдерімен  қамтамасыз етуіміз керек. Ең бастысы - сапа. Өнімнің өзіндік құны фермерлердің шығындарына байланысты жыл сайын әр түрлі болады. Егер біз өзіміздің өнімдерді импортқа шығармасақ тіпті жақсы болады. Себебі, онда ішкі нарықта мол болады, ал жеткілікті болған кезде бәсекелестік болады. Бәсекелестік болғанда баға көтерілмейді", – деді  вице-министр. 

Бұған дейін

2023 жылы Ақсай өзенінің маңындағы сел қаупі бар аймақта тұратын алматылықтар үшін селден қорғайтын бөгет салынуы тиіс еді. Алайда, жақында белгілі болғандай, құрылысы 2020 жылы пандемияда басталған Ақсай бөгетінің құрылысы сол беті аяқталмай қалғанын айтқан едік.

Алматының 30 мың тұрғынының қауіпсіздігі әлі де біржақты болмай тұр, мәселенің осылайша сиырқұйымшақтанып кетуіне кім кінәлі, мұны Ulysmedia.kz тілшісі анықтап көрді.

Серіктес жаңалықтары