×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Тасқын салдары: Су басқан аймақтарда ауру тарай ма?

25.04.2024, 21:25
Фото: eldala.kz

Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жауап берді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Есмағамбетова айтты

Мал қорымдары мен сібір жарасы көмілген жерлерді су басу экология мен тұрғындардың денсаулығына әсер етпейді. Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты. 

Дезинфекция жүргізіледі

Мамандар күн сайын су басқан эпидемиялық маңызы бар нысандарды бақылап, су тартылған соң жұмысты бастайды. Одан кейін дезинфекция жұмыстарын жүргізіледі. 

"Мал қорымдары туралы әлі де көп сұрақ көп. Негізінде, сібір жарасы қорымдары мен мал қорымдары біз үшін аса қауіпті емес.Соған қарамастан, су кеткен соң біз ветеринарлық қызметпен бірлесіп, осы жерлерден су мен топырақтың сынамасын алып жатырмыз. Зертханалық зерттеулер жүргіземіз. Біз жүргізген зерттеулерге сәйкес, нәтижелер – теріс. Яғни, ауру қоздырғыштары мен аурулары жоқ, бірақ бұл орындар әлі де дезинфекцияланды", – деді Айжан Есмағамбетова. 

Бұған дейін Қазақстандағы су тасқынының ет бағасына қалай әсер ететінін жазған едік. 

Аяқсыз қалған Ақсай бөгетінің құрылыс туралы материалымызды мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Серіктес жаңалықтары