×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Алып қояйық": Қай елдің жасөспірімдері ішімдікті көп тұтынады

27.04.2024, 13:59
Ашық дереккөзден

Әлемде ең көп ішімдік ішетін жасөспірімдер Ұлыбританияда тұратын көрінеді. Мұнда жеткіншектердің жартысынан астамы 13 жасында алкогольдің дәмін татып көрген екен, деп жазады Ulysmedia.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Жаман әдет әсіресе ауқатты отбасы балаларының арасында кеңінен тараған. Өйткені олар шарап ішетін ата-анасының қылығын жиі қайталайындарын айтқан.

Жалпы, мамандар 44 елдегі жағдайды салыстырған. Ұлыбритаиядан бөлек ішімдік ішетін жеткіншектер Венгрия мен Румынияда да көп болып шықты.

Естеріңізге салсақ, Түркістан облысының Сайрам ауданында жеті ауылдың тұрғындары "арақ - атамыздан қалған ас емес" деген қағиданы ұстануға көшкенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары