×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: Бес облыстағы ахуал қандай

28.04.2024, 11:32
Су тасқыны: Бес облыстағы ахуал қандай
Коллаж Ulysmedia

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.

Жайық өзеніне судың келуіне байланысты Атырау облысы ерекше бақылауда екенін атап өткен жөн.

Атырау қаласында Жайық өзені бойында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Дронның көмегімен су тасқыны жағдайына мониторинг жүзеге асырылуда. Атырау облысына берілген күштер мен құралдар су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда. Бұған дейін броньнан шығарылған жылжымалы сорғы станциялары су басқан аумақтардан су сору жұмыстарына жұмылдырылды.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 37 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6 мыңнан астам адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан, - деді министрлік өкілі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Оралда Жайықтың су деңгейі қауіпті шектен асып кеткенін жазған едік.