×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматының оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінісі болды

29.04.2024, 18:45
Алматының оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінісі болды
Фото: bigox.kz

Қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ не дейді

Қазақстан ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялары желісінің мәліметі бойынша, 29 сәуір күні сағат 17: 06-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде - Қытай аумағында жер сілкінісі болды.

Сейсмологтар бұл құбылысты афтершок деп атады.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.
  • MPV магнитудасы - 4,5.
  • Тереңдігі - 5 шақырым.

Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеді.

Алматыдағы жер сілкінісі

Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.