×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Өзбекстанда әлеуметік желілерді бұғаттаған шенеунік қызметтен қуылды

04.11.2021, 10:13
Фото: Ашық дереккөзден

«Узкомназорат» басшысы Голибшер Зияев президент бұйрығымен «қате және келісілмеген әрекеттері үшін» жұмыстан босатылды, деп мәлімдеді Шавкат Мирзиеевтің баспасөз хатшысына сілтеме жасап, gazeta.uz.

«Оқиға бойынша тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға кінәлі барлық жауапты басшыларға қатысты тиісті жауапкершілік шаралары қолданылатын болады», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

Бұған дейін Голибшер Зияевтің премьер-министрдің қаулысымен жұмыстан босатылғаны хабарланған болатын. Бұл шешім елде инспекцияның Telegram, Facebook, YouTube, «Одноклассники» және басқа да әлеуметтік желілерді шектеуіне байланысты қабылданды.

Шектеулер үш сағат өткен соң алынып тасталды. Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың айтуынша, президент «үкіметтің нұсқауымен қабылданған»  «біржақты, толық ойластырылмаған әрекеттер туралы хабардар». Голибшер Зияев «Узкомназоратты» өткен жылдың қыркүйегінен бері басқарды.

Қысқаша тарих

14 қаңтарда президент «Дербес деректер туралы» заңын «Өзбекстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін өңдеудің ерекше шарттары» 27-1-бабымен толықтыру туралы Заңға қол қойды. Оған сәйкес Өзбекстан азаматтарының жеке деректері өңделетін серверлер ел ішінде орналасуы керек. Түзету сәуір айының ортасында күшіне енді.

Мамыр айында «Узкомназорат» әлеуметтік желі иелеріне Mail.ru Group / VK (ВКонтакте), Twitter және Tencent (WeChat) «жеке деректер туралы» Заңның 27-1-бабын орындау туралы тапсырма берді.

Шілде айының басында «Узкомназорат»  TikTok, Twitter, ВКонтакте, WeChat және Skype мессенджеріне кіруді шектеді.

29 қазанда президент «Дербес деректер туралы заңнаманы» бұзғаны үшін жазаны қатайтатын заңға қол қойды. Үш айдан кейін талапты орындамаған әлеуметтік желілер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары