×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған полицияның бұрынғы бастығына үкім шықты

30.04.2024, 18:37
Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған полицияның бұрынғы бастығына үкім шықты
Коллаж Ulysmedia

Соттың мәліметінше, Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Көштібаевқа қатысты қылмыстық іс жабық режимде қаралған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Талдықорған қалалық сотында зорлады деп айыпталған қалалық полицияның бұрынғы бастығы Марат Көштібаевқа қатысты сот процесі аяқталды.

Толығырақ

Сотта Талдықорған полициясының басшысы ретінде Көштібаев өзінің қызметтік кабинетінде жәбірленушіні зорлағаны анықталды.

Үкім

Сот оны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Оған 10 жылға мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды және "полиция полковнигі" шенінен айырылды.

Марат Көштібаев несімен танымал

2019 жылы Көштібаев өзінің бағыныштыларын балағаттаған аудиожазбасына байланысты Алматы облысының Жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

2023 жылдың наурыз айында Көштібаев кезекті аудиожазба үшін "қатаң тәртіптік жауапкершілікке" тартылды.

Өткен жылдың қараша айында Талдықорған полициясының бастығы әйел адамды зорлады деген күдікпен ұсталды.

2024 жылдың ақпан айының соңында жабық режимде сот процесі өтті.

Еске салсақ, бүгін прокурор Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы Марат Көштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.