×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Астанада ер адам ойыншық тапаншамен ақша айырбастау пунктін тонамақ болған

01.05.2024, 15:52
Фото: inbusiness.kz

Астана қалалық Полиция департаменті ақша айырбастау пунктінде қарақшының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, шабуыл жасаған адам «ізін суытпай» анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Күдікті өзінің қылмыстық жоспарын орындай алмады, өйткен кассир дабыл түймесін басқан, мұны естіген қарақшы із суытып үлгерген.

Сондай-ақ полиция күдікті ер адамнан ойыншық тапанша тәркіленгенін хабарлады.

Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары