Ұлытау облысы сотының мәліметінше, апелляциялық алқа экс-әкім Шапағат Әубәкірдің шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Ұлытау облысының сотында Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі 10 миллион теңге пара алғаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған Шапағат Әубәкірдің апелляциялық шағымы қаралды.
Толығырақ
Облыстық соттың апелляциялық сот алқасының қаулысымен бұл үкім өзгеріссіз қалдырылды, сотталған адамның, оның қорғаушы-адвокатының апелляциялық шағымдары және прокурордың апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды, - деп хабарлады соттан.
Еске салсақ, пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілгенін жазған болатынбыз.
Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген.
Оған ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.
Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қарастырылады. ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді.
14 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын.