×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалып отыр

02.05.2024, 08:55
Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалып отыр
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалуда. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Құлсарыда су тасқыны болған сәттен бастап ТЖМ құтқарушылар күшімен 2564 үйден су сорылып шығарылды.

Жұмыс тәулік бойы жалғасуда.

Қазірдің өзінде 3 миллион текше метрден астам су сорылды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.