Түркістан облысында 7 сынып оқушысын зорлады деген күдікпен әкесі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған бала дағдарыс орталығына жеткізілді. Оған тиісті көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Түркістан облысы полициясының баспасөз қызметі.
Хабарларға қарағанда, қыздың анасы полицияға арыз берген. Ол күйеуін өз қызын зорлады деп күдіктенетінін айтқан. Қыз жүкті болып қалған.
Күдікті қамауға алынды.