×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстандағы су тасқыны: өңірлердегі ахуал жайлы не белгілі

04.05.2024, 11:19
Коллаж: ulysmedia.kz.

ТЖМ мәліметтері бойынша, апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінде су тасқынына байланысты Қазақстан өңірлеріндегі қазіргі жағдай туралы айтылды.

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы су тасқыны жағдайы тұрақталған. Барлығы 370 дана қап төселген. 1335 тонна инертті материалдар салынып, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылған. "Жалпы, облыс бойынша өзендер сыни белгілердің деңгейінен аспайды" дейді хабарлады ТЖМ.

Атырау облысы

Атырау облысында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

"Соңғы 5 күнде Құлсарыға 176 үйден су тартылып, айдалды. Қалған су басқан 180 үйді мотопомпалар мен қуатты жылжымалы сорғы станцияларын қолдана отырып, тәулік бойы айдау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

СҚО

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл және Қызылжар аудандарында су басқан аумақтардан су айдау жалғасуда.

"Республика бойынша 8 378 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 48 750 адам үйлеріне оралды.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 14 251 адам мен 1 428 бірлік техника, 239 су айдау құралы мен 75 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары