×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

ҰҚК экстремизм күдігі бойынша тағы үш азаматты ұстады

05.05.2024, 09:46
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл 2-3 мамырында Астана және Павлодар қалаларында экстремизм күдігі бойынша үш азаматты ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Комитет олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінген.

– Тінту барысында олардан діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған, – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа мәліметті ҰҚК қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етпейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның жеті азаматы мен бір шетел азаматы діни-экстремистік ұйымды ұйымдастырып, оның қызметіне қатысып, терроризмді насихаттағаны үшін сотталған болатын. Тергеу сотталғандардың "қоршаған ортаға идеологияны таратқанын, зайырлы өмір салты мен конституциялық жүйеге деген өшпенділікті енгізгенін" анықтаған.

Серіктес жаңалықтары