×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елде Екінші дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері қалды: оларға биыл қандай көмек берілді

05.05.2024, 13:17
Елде Екінші дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері қалды: оларға биыл қандай көмек берілді
Фото: Ашық дереккөзден

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай жергілікті бюджеттерден біржолғы әлеуметтік көмек төленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Үкімет не дейді

Үкіметтің хабарлауынша, соғыстың барлық қатысушысына 9 мамырға орай жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы ақшалай төлемдер берілді. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем беріліп, аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінген.

– Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді, – делінген үкімет хабарламасында.

Өңірлер

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыстарда ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді.

Мәселен, биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірлерде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алған.

Бүгінде республикада Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. ҰОС қатысушыларына әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлеріне қарамастан ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.