Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тағайындау
Алдымен, Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім бергенін хабарлаған. Парламенттң экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында аталған лауазымға Жаслан Хасенұлы Мәдиевтің кандидатурасы келісілген.
Артынша, Ақорда Мәдиевтің қызметке тағайындалғаны жөнінде ақпарат таратты.
Ол кім?
Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
2017-2018 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылы қаңтарда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалған.
Қызметінен кеткен Мусин
Еске сала кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен Бағдат Мусин бір апта бұрын кеткен болатын.
Мусиннің Министрлер кабинетінен шығып қалуы жайлы жаңалыққа қазақстандықтар түрлі реакциялар білдіріп жатты. Бірі – «сауап болды, бос ауа теуіп жүрген еді» десе, енді бірі – «ел үкіметінде халыққа пайдалы дүниелер жасап жүрген жансебіл министр еді» деп өкініштерін жасырмады.
Қоғам бір министр жайлы неге екі түрлі пікірде? Ulysmedia.kz тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.