×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

“Сұмдық қой”: Азаматтар жолаушылар пойызының тым жиі кешігетініне наразы

06.05.2024, 23:30
Әлеуметтік желіден

Желідегі парақшалардың бірінде жолаушылар пойызының тым жиі кешігетініне наразы азаматтардың пікірі жарияланды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Азаматтардың шағымы желідегі парақшалардың бірінде жарияланды.  

Мысалы мына азаматтың сөзінше ол күткен пойыз 2,5 сағатқа кешігіп келген.  

“Сұмдық қой, мынау. Пойыздар үнемі кешігеді. Бүгін Қызылорда-Павлодар бағытындағы 117/118 пойыз сағат 5:07-де келуі керек болған. Бірақ 7:45-те келді. Екі жарым сағат кешікті...,”-деп жазды желі қолданушысы.  

 Ал, Қызылорда-Көкшетау пойызы кешіккенімен қоймай темір жолды босатпай тұрып алған. 

“Ал, Қызылорда-Көкшетау пойызы 5:47- де келудің орнына бір сағатқа кешікті. Және 55 минут тұрады деген. Бірақ 20 минут құр тұрды. Жолды басқа пойызға босатпады. Есік ашпады. Сөмкесін арқалаған қарт кісілер есікті тесіп шығардай болды,” -дейді пікір иесі.  

100 шақырымды 3 сағатта... 

“Мен хабарласып сұрағанда пойыз бір сағатқа кешігеді деген. Сөйтсем ол Астанада небәрі 100 шақырым жерде келе жатыр екен. Сол жүз шақырымды үш сағат жүрді. Кейін сұрағанда Астана маңында құр тұрыпты. Өйткені темір жол бос емес. 30 жылда ештеңе жасай алмағанымызға ішім ашиды, “ - деп налиды пікір иесі.  

“Жылағым келеді”, “масқара”,”бізге жаңа пойыздар мен вагондар керек” деген сыңайлы пікірмен жазба авторын қолдапты желі қолданушылары. 

Жолсеріктерді қорқытқан 

Жергілікті тұрғын екі жыл бойы жолсеріктерді қорқытып-үркітіп, өзінің қалтасын қампайтып отырғанын жазған едік. Семей арқылы қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын бейнематериалдарды түсірумен айналысыпты. Кейін өзін «блогер» және «қоғам қайраткері» ретінде таныстырып, «әлеуметтік желіге жариялаймын» деп қорқытқан. Осыдан үрейі ұшқандар бейнематериалдарды жою үшін ақша беруге мәжбүр болған.  

2 жылда 10 миллион 

Бопсалаушы блогер екі жылда он миллион теңгеден астам ақша алғаны анықталды. Оның жымысқы әрекетінен 25 жолсерік зардап шеккен. Кінәсі толық дәлелденген блогер енді үш жарым жыл түрмеде отырып, жәбірленушілердің шығынын толық өтеуге міндеттелді. 

3 жыл, 6 ай 

“ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жаза ауыр жазаға сіңіріп, үш жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің орта, орташа қауіпсіздік мекемесінде өтелсін. Жаза мерзімі үкім заңды күшіне енгеннен кейін есептелсін,” - деді Семей қаласының №2 сотының судьясы Ержан Әубакіров. 

Серіктес жаңалықтары