×
457.98
490.86
5.26
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.98
490.86
5.26

Әйгілі блогер Хаби Лейм қазақ таэквондошыларының ролигін жарнамалады

09.05.2024, 09:19
скриншот

Instagram-да жариялаған оның видеосын 11 миллионнан астам адам қараған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белгілі видеоблогер Хаби Лейм (@ khaby00) Қазақстандағы таэквондо секциясының жарнама ролигін өз видеосына пайдаланып, ролик жасаған.

Видеода жігіт ата-аналарды балаларын таеквондо бөліміне әкелуге шақырады. Олардың физикалық қабілетін жарақатсыз және денсаулыққа зиян келтірместен жақсартуға уәде береді. Осы жарнаманы айтып тұрған жігіттің артында бір таэквондист екіншісін қатты нокаутқа жібереді, кейін үшеуі әлгі баланы сүйреп әкетіп жатады.

Қазіргі уақытта бейне Instagram-да 11 миллионнан астам және TikTok-та 350 мың қаралым жинаған.

Хаби Лейм деген кім

Хаби Лейм түбі Сенегалдан шыққан италиялық блогер. Әлеуметтік желі қолданушыларының оғаш бейнелеріне реакция білдіріп, жариялаумен танымал. Instagram-да оның 80 миллионнан астам, ал TikTok-та 162 миллион жазылушысы бар.

Серіктес жаңалықтары