×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Сарапшылар әлемдегі ең қымбат футбол клубтарын атады

09.05.2024, 15:43
Sky Sports

"Манчестер Юнайтед" әлемдегі ең қымбат футбол клубы болып танылды, оның құны 6.3 миллиард долларға (4.9 миллиард фунт) бағаланды.

Жалпы құны 80 миллиард долларға (64.1 миллиард фунт) жеткен әлемдегі ең қымбат 50 футбол клубын қамтитын Sportico зерттеуі бойынша Манчестер Юнайтед тізімнің басында тұр.

Қызыл "шайтандар" аталтын клуб 11 жыл бойы премьер-лиганы жеңіп алмаса да, келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатыспаса да, клуб әлемдегі ең қымбат бағаланады.

Алғашқы ондыққа тағы бес ағылшын клубы кірді: Ливерпуль (4.1 миллиард фунт), Манчестер Сити (3.8 миллиард фунт), Арсенал (3.1 миллиард фунт), Тоттенхэм (2.8 миллиард фунт) және Челси (2.7 миллиард фунт).

Сонымен қатар, рейтингтің үздік 50-не тек "Вест Хэм", "Ньюкасл" және "Астон Вилла"кірген.

Серіктес жаңалықтары