×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ғалымдар 20 жылда болмаған магниттік дауыл келе жатыр деп болжап отыр

10.05.2024, 21:30
Әлеуметтік желіден

Қатты магниттік дауыл кезінде адамдардың басы ауырып, қан қысымы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РҒА ғарыштық зерттеулер институты,  күн астрономиясы зертханасының жетекшісі Сергей Богачев 20 жылда алғаш рет Жер бетінде жоғары, бесінші деңгейдегі магниттік дауыл болуы мүмкін деп болжады.

"Үш тәулікте күн біздің планетамызға қарай төрт үлкен плазма бұлтын шығарды. Олар жолда бір үлкен объект болып бірігеді. Және болжам бойынша бүгін түнде жердің магнит өрісіне соғылады," – деді ғалым. 

Ғалымдардың болжамынша дауылдың деңгейі кем дегенде 4.33 болуы мүмкін. Және 2005 жылдан бері алғаш рет G5 деңгейіне жетуі ғажап емес. Бұның ықтималдығы 15%.   

Кейінірек күн астрономиясы зертханасының мамандары X3.9 класындағы күн сәулесінде соңғы 25 жылда төртінші орын алатын  жаңа ірі жарылыстың тіркелгенін хабарлады. 

Магниттік дауылдар бес балдық шкала бойынша бағаланады. 

G1 деңгейі әлсіз, ал G5 максималды болып саналады. Қатты дауыл кезінде адамдарда жағымсыз сезімдер пайда болуы мүмкін, Әсіре бас ауруы, әлсіздік және қан қысымының құбылуы. Ғалымдар мұны капиллярлық қан ағымының баяулауымен және тіндердің оттегіге ашығуымен байланыстырды. 

Бұған дейін астрономдар жұма күні кешке, яғни 10 мамырда және сенбіде, 11 мамырда G2-G3 (орташа және күшті) магниттік дауылдарды болжайтыны хабарланған. 

Серіктес жаңалықтары