×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Израиль Рафақтағы шабуылды күшейтеді: тұрғындарға көшу жөнінде бұйрық берілді

11.05.2024, 17:26
Getty Images

Израиль Газа секторындағы Рафақ қаласында эвакуациялауды жалғастыруға бұйрық берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Politico басылымына сілтеме жасай отырып.

Израильдің қорғаныс армиясы Израиль Газа секторындағы әскери операцияларын кеңейтуге дайындалып жатқандықтан, Рафақ пен Жәбәлияның кейбір ауданындағы адамдарға дереу көшу жөнінде бұйрық берді.

Израиль армиясы ХАМАС содырларының тобына қарсы жұмысты үдетуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Израиль қорғаныс армиясының өкілі (IDF) Авихай Адраи. Ол әлеуметтік желілер арқылы эвакуацияланатын аймақтарды "қауіпті жауынгерлік әрекеттер аймағы"деп атады.

Эвакуациялау туралы бұйрық Израиль шекарасы мен Мысыр шекарасы бойындағы Рафақтың оңтүстік-шығыс бөлігіне, соның ішінде Израиль әскери күштері сейсенбіде бұғаттаған Рафақ бақылау-өткізу пунктіне қатысты болып отыр.

Еске сала кетейік, 9 мамырда Каирде Газа секторында атысты тоқтату режимін белгілеу туралы келіссөздердің кезекті раунды аяқталды. Келіссөз жүргізушілер аралық қорытындыларды талқылағаннан кейін консультацияларға оралады деп күтіледі. Бұған дейін 7 мамырда Израиль армиясы Рафаққа нақты сипатты операцияны бастағаны белгілі болды. 

Серіктес жаңалықтары