×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Алматыда жүк көлігі автобус аялдамасына соғып екі адам қайтыс болды

12.05.2024, 08:35
Әлеуметтік желіден

Оқиға бүгін түнде Алматы облысына қарасты Іле ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

12 мамырға қараған түні Байсерке кентінде ЗИЛ-131 автокөлігі тәртіп сақшыларының күдігін туғызған. Жүргізуші тоқтау туралы нұсқауды елемей қаша жөнелген.  

"Жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген автожолының 32 шақырымында автобус аялдамасына жылдамдықпен кірді.Жол апаты салдарынан екі адам қайтыс болды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды", — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов. 

Медициналық тексерістен кейін рульдегі ер азаматтың орташа дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды.Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 

Қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда. 

Серіктес жаңалықтары