×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Психологиялық тесттен өтеді: Мамаш оқиғасынан кейін дипломаттар тексерілетін болады

13.05.2024, 21:15
Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Психологиялық тексеруден өтеді

10 жыл бойы әйеліне қорлық көрсетті деп айыпталып жатырған Сәкен Мамаштың оқиғасынан кейін енді елшіліктің барлық қызметкері арнайы тесттен өтетіні белгілі болды. 

«Жыл сайын шетелге шығар алдында министрлік қызметкерлері арнайы тестілеуден, түрлі комиссиядан, сондай-ақ психологиялық тексеруден өтеді. Бұл жұмысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп қолға алдық. Сондықтан барлық қызметкер психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан арнайы тесттен тағы да өтеді», - деді СІМ ресми өкілі Смадияров. 

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілі Карина Мамашпен кездескенін, оған қажет көмек көрсетілетінін жеткізді.  

“Біздің бұл қылмыстық іске араласа алмайтынымыз түсінікті. Бүгін Карина Мамашпен кездестім. Ол бүкіл мән-жайды айтып берді. Сыртқы істер министрлігі Каринаға барлық көмекті көрсетеді,” - деді Айбек Смадияров. 

Каринаның оқиғасы

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Карина Мамаштың айтуынша,  ол өзінен бірнеше жасқа үлкен болған.

“Полиция участогында да маған «күйеуіңіздің жасы сізден әлдеқайда үлкен екен, кезінде ол үшін қысылған жоқсыз ба» деген сұрақ қойды. Бірақ мен сол кезде әке махаббатын іздеген едім. Менің әкем тоғыз жасымда қайтыс болған. Мен спортқа бет бұрып, басында әкем жоқ екен қатты сезбедім. Тек екі айдан кейін барып әкем жоқ екенін түсіндім. Анам алаңдамасын деп жолдасымның ұзақ жылдар бойы ұрып-соққанын айтқан жоқпын,” - дейді ол.

Сұхбат барысында әйел Сәкен Мамаштың туған-туыстары күйеуінің есебінен күнкөретінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары