×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Су тасқыны: Нидерланд ғалымдары жақында мәселенің шешімін ұсынбақ

13.05.2024, 21:45
Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

IT технология

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі Қазақстанда су тасқынына байланысты IT саласында жұмыстар атқарылатынын жазды. Мысалы жедел хабарлау және құтқару қызметтерін ТЖ аймағына жөнелту үшін SKYMAX су тасқынының алдын алу жүйесі және тасқын сулардың өтуінің цифрлық карта-схемасы әзірленбек екен.  

“Сонымен қатар су қорғау аймақтарында жер учаскелерінің бөлінуін бақылау үшін су объектілері мен кадастр бойынша деректерді қамтитын hydro.gov.kz платформасы әзірленуде. Әкімдіктер су қорғау аймақтарында орналасқан құрылыстарға тексеру жүргізіп, оларды жою немесе көшіруді қамтамасыз етуі қажет,”- деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ қолданыстағы  377 гидропостқа тағы жаңа 139 нысан қосылатыны, олар су тасқыны қаупі бар аумақтар мен трансшекаралық өзендерде орнатылатыны белгілі болды.

Нидерланд ғалымдары

“Апаттың алғашқы күндерінен бастап елімізде Нидерландыдан келген ғалымдар тобы жұмыс істеп жатыр, олар жақын арада су тасқыны қаупін басқарудың бірлескен жоспарын ұсынады,”- деп хабарладыҮкіметтің баспасөз қызметі.  

Бұған дейін

Улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатырғанын хабарлаған едік.

Соның шеңберінде барлық өңірде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері объектілеріне бақылауды күшейтіп, санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын іріктеу және зерттеулер қолға алынған.

– Су тасқыны басталғаннан бері елдімекендердің су басқан аймақтарында және эвакуациялық пункттерде орталықтандырылған көздерден 10 180 сынама іріктеп алынды. Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні 670 сынама, орталықтандырылмаған су көздерінен 1 363 сынама. Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні 124 сынама (сәйкес келмейтін көрсеткіштер ауыз судың ластануының жанама факторы), – делінген жауапта.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары