×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Арақ сатылмайтын ауыл: Абай облысында бір елді-мекен тұтастай ішімдіктен бас тартқан

14.05.2024, 01:00
Ашық дереккөзден

Бұл Абай облысы, Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Алкогольден толықтай бас тартқан ауыл туралы Polisia.kz жазды.  

Кеңгірбай би ауылында халық саны 1000 адамға жуықтайды. Бүгінде елді-мекенде үш азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Спирттік сусындарға тыйым салынып қана қоймай, дүкен сөрелеріне қоюға бас тартылыпты. 

Мұндай бастаманы көтерген ауыл жастары екен. Кейін оны ауыл ақсақалдары, әкімдік пен полиция қолдаған.  

Айта кету керек бұл ауылда соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Алкогольді ішімдіктен бас тартқан соң бұл үрдіс жалғасады деп сенеді ауыл тұрғындары.  

 

Серіктес жаңалықтары