×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Екібастұзда баласын аштан өлтірген ана сотталды

14.05.2024, 20:25
Екібастұзда баласын аштан өлтірген ана сотталды
Әлеуметтік желіден

Ол өзінің сегіз айлық баласын жеткілікті деңгейде тамақтандырмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аштан қатырған

Оқиға Екібастұз қаласының Шідерті кентінде болған. Әйел өзінен туған сегіз айлық балаға  немқұрайлы қарап, тамақ бермеген. Салдарынан бала аштан көз жұмған. 

Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. 

Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен, басқа да құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. 

Бір жылға бас бостандығынан айрылды

"Прокурор бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі жаза ретінде мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Сотталушы оны бас бостандығынан айырмауды өтінді", - делінген хабарламада. 

Сотталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Ал әйелдің қалған екі баласы мемлекет қамқорлығына өтіп, өзі ата-ана құқығынан айрылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.