×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстан азаматын тонап, өлтіріп кетті деген күдікті Түркиядан экстрадицияланды

15.05.2024, 10:27
скриншот

Қарақшылық жасап, кісі өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылдың наурыз айында Алматы облысының аумағында күдікті ағасымен бірге 300 млн теңгеден астам сомаға темекі өнімін тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісіне тап бергені хабарланады.

– Жүргізушіні өлтіргеннен кейін қылмыскерлер мәйітті жол бойындағы шұңқырға көміп кеткен, – делінген хабарламада.

Күдіктілердің бірі ұсталып, кейін сотталды, екіншісі жасырынып үлгерген. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылдың тамызында ол Түркия аумағында ұсталды. Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмыстарды жасағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе мүлкі тәркіленіп өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары