×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Гранат жарылған: Алматыда оқу-жаттығу кезінде полиция жараланды

15.05.2024, 20:50
Әлеуметтік желіден

Оқыс оқиға Алматы облысында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті жазды.  

Жаттығу кезінде екі полиция қызметкері гранатадан жарақаттаған.  

"Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасын пайдалану кезінде облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алды. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция. 

Бұған дейін

Айгүл Әубәкірова есімді Ақмола облысының тұрғыны полиция қызметкерлері екі інісіне шабуыл жасағанын айтып, президенттен жағдайды реттеуге көмек сұрады, деп хабарлаған едік. 

Оның айтуынша, полицейлердің шабуылынан соң отбасы күйзеліске түскен. Бойжеткеннің 17 және 18 жастағы бауырларына «Арлан» мамандандырылған және элиталық полиция бөлімшесінің қызметкерлері шабуыл жасаған. Сондай-ақ тұрғын істің тергелмей жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары