×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Сот бизнесмен Әнуарбек Жексенғалиевке үкім шығарды

17.05.2024, 12:28
ummet.kz

Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қарды мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік не дейді

Агенттіктің мәліметінше, ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылған. Қылмыстық табыс сомасы 4,3 млрд теңгені құрайды. Өткізілген параллельді қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелген. 

– Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған. Ол сондай-ақ ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған, – делінген хабарламада.

Қанша сома тәркіленді

Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылды. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде  пәтерлерді алып отырған. 

Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктің сомасы 4,7 млрд теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың сәуірінде Жексенғалиевке іздеу жарияланып, 2022 жылдың маусымында ол ұсталған еді.

Серіктес жаңалықтары