×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Алматыда дабыл белгісі қосылатыны хабарланған уақытта жер сілкінді

20.05.2024, 10:35
Алматыда дабыл белгісі қосылатыны хабарланған уақытта жер сілкінді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматыда 2 бал болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісі

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркегенін хабарлады. Дүмпулер 20 мамырда сағат 10:10-да тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан Қытай аумағында 308 шақырым жерде орналасқан. Алматыда МЅК-64 шкаласы бойынша 2 бал сезілген.

Дабыл жүйесі

Бүгін Алматы тұрғындарына хабарлау жүйесін тексерілетіні ескертілген еді. Сиренаның сағат 10.00-де қосылатыны хабарланған.