×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Иранның жаңа президенті қашан сайланатыны белгілі болды

20.05.2024, 21:45
Әлеуметтік желіден

Кезектен тыс президенттік сайлау Иранда 2024 жылдың 28 маусымында өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Мehr агенттігі жазды.  

Иран сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эслами бір айдан соң жаңа президенті сайлауы өтетінін айтты. 

"Конституция сақшылар кеңесіне кандидаттарды тіркеу 28 мамырда басталады деп ұсынылды. 28 маусымды он төртінші (Иран тарихында) президент сайлауының күні деп есептеуге олады", – деді ол. 

Раиси неден көз жұмды

2024 жылдың 19 мамырында Иран президенті ИбраҺим Раиси болған тікұшақ Иран-Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеган қаласында апатқа ұшырады. Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы, ізінше әлемдегі барлық БАҚ тікұшақта болған жолаушылардың бәрі, оның ішінде Иран президенті мен елдің сыртқы істер министрі де көз жұмғанын хабарлады.

Ulysmedia.kz тілшісі оқырман назарына Ибраһим Раисидің өмірбаянынан қысқаша шолу жариялаған еді.

Түріктердің көмегі

Жанат Момынқұлов алдымен, Иран президентінің осындай түсініксіз жағдайда көз жұмуы ол елде проблемалардың барын көрсететінін атап өтті. Яғни, біріншіден Иран сияқты аймақтағы алпауыт әрі ықпалды елдің президентінің және сыртқы істер министрінің, жоғары лауазымды тұлғаларының тікұшақ апатынан қаза болуы – Иранның сондай санаттағы саяси тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі проблемалары барын білдіреді. 

Екінші проблема – 16 сағат бойы өзінің президентінің қайда құлағанын таба алмауы. Оған Түркия Акынжы дронының көмегімен көмектесіп, тікұшақ қайда құлағанын анықтап, көрсетіп берген. Одан бөлек, Түрікменстан да, Өзбекстан да, Әзербайжан да көмегін аямайтынын айтып, мәлімдеме жасады. Бұлардың бәрі – түркі мемлекеттері және тікұшақ құлаған жер әзербайжандар тұратын аймақ.

Апаттың үш нұсқасы

Жанат Момынқұловтың сөзінше, апаттың үш нұсқасы бар. Біріншісі – табиғи жағдай. Сарапшының пікірінше, расында да, тұманды күні жолға шығып кеткені дұрыс болмаған, қауіпсіздіктің шарттары, ережелері сақталмаған. 

– Екінші біреулер себепті сырттан іздейді – Израильлден көреді. Яғни, бір ай бұрын ғана Изралильмен соғыс жағдайында еді. Иран 300-ге жуық зымыранын Израильге жаудырған. Соның жауабы ма екен деген сияқты сұрақтар бар. Ол енді Әзербайжаннан келе жатқандықтан, Израиль тарапынан шабуыл ықтималдығы төмен. Өйткені Израиль мен Әзербайжанның одақтас деңгейіндегі мемлекеттер екенін білеміз. Әзербайжан мен Иранның қарым-қатынасы оның үстіне жұмсарып, ортақ су станциясы талқыланып, екі президент емен-жарқын сөйлесті. «Біздің арамызға ешкім зиян келтіре алмайды» деген де мәлімдемелер жасалды, - дейді ол.

Шығыстанушының сөзінше, Иранның саяси және діни көсемі Рухолла Хаменеидің 85 жасқа толып, денсаулығына байланысты алып-қашпа әңгімелер шығып жатыр. Осыған байланысты оның орнын – Ибраһим Раиси баса ма деген сыбыс әңгімелер болған. 

Серіктес жаңалықтары