×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Бішкектегі тәртіпсіздік: шетелдіктерге шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

21.05.2024, 09:56
Фото: видеодан кадр

Қырғызстан полициясы шетелдіктерге шабуыл жасады деген күдікпен елдің үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Kabar ақпарттық агенттігінің мәліметінше, 2005 және 2006 жылы туған үш жігіт ұсталған.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін полиция бұл факт бойынша Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207-бабы ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан.

Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Қырғыз БАҚ-ы таратқан хабарламада бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны айтылған.

Наразылық 

18 мамырға қараған түні осы жайтқа байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды.

Тәртіп сақшылары наразылыққа шыққандарды таңға жуық таратқан.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылық шарасына барлығы мыңға жуық адам қатысқан. Төбелес шығарған шетелдіктер ұсталып, қырғыз халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасап, пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары