×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Қазақстанда биыл «жайлы мектептің» бәрі қазақ тілінде ашылады. Министр «бірақ...» не дейді

21.05.2024, 14:15
Қазақстанда биыл «жайлы мектептің» бәрі қазақ тілінде ашылады. Министр «бірақ...» не дейді

Қазақ тілі мәселесі – кеше де, бүгін, ертең де айтылатын өзекті сұрақ. Таяуда Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның осы тақырыпта жазған желідегі бір ғана жазбасы қоғамда қызу талқыланған. Жалпы қазақ тілі мәселесі елдің ғылымы мен біліміне жауапты министрлерді ойландыра ма? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қойды.

Бейсембаевтың жауабы

– Жалпы, қазақ тілінің мектептерге қатысты дамуына байланысты ушығыатындай ешқандай себеп жоқ екенін атап өтемін. Өйткені, қазақ сыныптарында оқитын балалардың саны тиісінше, артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қажет болса, ақпаратты табыстауға дайынбыз. Тілдің сапалы оқытылуына қатысты мәселелер бар. Қазақ тіліне деген қажеттілікті туғызу үшін емтихандардың басталды. Одан бөлек, оқытудың сапасын арттыру бағытында әдістемелік жобаның пилоттық негізде енгізіліп жатқанын атап өтуге болады. Осындай көптеген іс-шаралар тілді оқытудың сапасын арттырумен, қажеттігін қанағаттандыру бағытында тиісті шаралар жыл сайын қабылданып, өз нәтижесін беріп жатыр, – дейді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, “Жайлы мектеп” жобасы бойынша биыл салынатын мектептер негізінен қазақ тілінде ашылады.

– Ашылу процесінде тағы бір өзгерістер болса, оны нақтылауға болады. Биылғы ашылатын мектептер қазақ тілінде 100 пайыз болуы мүмкін, бірақ ашылған кезде тағы да нақтылайтын боламыз, – дейді ол.

Жалпы, “Жайлы мектеп” жобасы бойынша 98 меткеп салу көзделген.

Нұрбек не дейді?

– Жылдан жылға нақты бір үрдісті байқап отырмыз. Қазақ тілінде оқыған, қазақ тілінде оқуды таңдағандар бойынша ҰБТ-да бір жақсы көрініс бар: былтыр тест тапсырғандардың 80 пайызы оны қазақ тілінде тапсырды. Төрт күннің ішінде 75 пайыз балалар қазақ тілінде тест тапсыруды шешім қабылдады. Бұл үрдіс ақырындап жалғасып жатыр. Меніңше, табиғи үрдіспен, жолмен шешілетін мәселе, – дейді ол.

Депутаттың жазбасы

Еске сала кетейік, таяуда Астанадағы Ақордаға жақын Алатау саябағына серуендеуге шыққан депутат әлеуметтік желіге “Астана – намыссыз қазақтар тұратын қала” деп жазба қалдырған болатын. Құспанның бұлай жазуының себебі – өзі саябақта кездестірген адамдардың көбінің орыс тілінде сөйлегені. Саябақта келе жатып маңайындағыларды депутат видеоға түсіріп алған. Көбінің орыс тілінде сөйлегеніне намысы қайнаған.