Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша туризмді дамыту рейтингінде 52-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
67 сатыға көтерілген
Қазақстан Саяхат пен туризмді дамыту жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) халықаралық рейтингінде өз позициясын едәуір жақсартып, 119 ел арасында 52-ші орынды иеленді.
117 ел қамтыған рейтингте Қазақстан бұған дейін 66-шы орында болған еді.
Туризм министрлігінің мәліметінше, Қазақстан бірнеше негізгі санаттарда ең жоғары баға алды. Жалпы рейтингте жоғарылауға осы көрсеткіштер себеп болған.
Мысалы Қазақстан:
Туризм министрлігінің өкілдері Қазақстан Әзербайжан (56-орын), Өзбекстан (78-орын) және Қырғызстаннан (102-орын) озып, Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болғанын атап өтті.
Бұған дейін
Қазақтуризм басшысы Қайрат Сәдуақасов Қазақстанды жарнамалау үшін бір блогер орта есеппен 1,500, 000 теңге алады деген еді.
Бұл тізімде шет елдік те, қазақстандық блогерлер бар. Мысалы қытайлық немесе кәріс блогері Қазақстан туралы жағымды контенті үшін осындай сомма алуы мүмкін.
“Әсіре дрон ұшыратын блогерлерге көп рақмет. Олар өш қызығушылықтары үшін жұмыс істейді. Мысалы Әділет Рахметолла, Бекмамбетов, Анзор Гасаев. Осы жігіттерге рақмет айтқым келеді. Аймақтар оларды қолдауы керек.Себебі олар аймақтардың танымал болуына ықпал етіп жатыр,” - деді Қазақтуризм басшысы.
Оның сөзінше Қазақстандағы көрнекі жерлерге турист тарту үшін алдымен мемлекетті жарнамалау керек.