×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Айка тізімінің» клиенттерін жазалауды мен де қолдаймын – ІІМ басшысының орынбасары

22.05.2024, 12:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев "Айки тізімі" бойынша сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ басшысының орынбасары не дейді

Марат Қожаев "Айки тізімі" туралы үкімге түсініктеме беруден бас тартты. Сот шешіміне сілтеді.

– Интимдік қызмет көрсеткен адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өте шектеулі, - деді ол.

Журналистер ІІМ басшысының орынбасарынан олардың "клиенттерін" де жазалау қажеттілігі жайлы сұраған. 

"Жеке өзім қолдаймын (жазалауды)", - деп жауап берді ол.

Үкім

Еске сала кетсек, таяуда «Айка тізімі»: Алматыдағы қылмыстық ісі бойынша сот үкім шығарған еді. Алматыда сенсациялық «Айка тізімі» бойынша үкім шықты. Айыпталушының айыптау орнында екі адам отыр.

Ұйымдастырушы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Екінші күдікті 3,8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жезөкшелер үйін ұйымдастырды және заңсыз есірткі сақтады деп айыпталған қызға қатысты сот басталғанынм жазған болатынбыз.

«Айка тізімі» деген не

Еске салайық, желтоқсан айында Қазақстанда қатты жанжал шыққан болатын. Элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты деректер интернетке тарап кетті, бұл құжат кейін «Айка тізімі» деп аталды. Онда тізімдегі қыздардың клиенттерінің жеке деректері көрсетілген. Бұл ретте атышулы тізімде қазақтың белгілі тұлғаларының да есімдері кездесеі. Тізім қыздардың ауқатты адамдарға эскорт қызметін ұйымдастырғаны үшін ұсталған күдіктінің телефон кітапшасынан алынғаны хабарланды.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың атышулы «Айка» тізіміне байланысты сұраққа жауап берген болатын. 

Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін ақпарат береміз, - деген сонда Ержан Саденов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ Әділет министрі Азмат Есқараев та «Айка» тізіміне қатысты тілшілердің жезөкшелікті заңдастыру керек пе деген сұрағына жауап берген.

Жезөкшелікті заңдастыру туралы мәселе көтерілген жоқ. Құпия ақпараттардың таралуына келсек, БАҚ-та жарияланғандай ішкі істер министрлігі тиісті жобаларды қарастырып жатқанға ұқсайды, – деді министр.

Алматыда жезөкшелер үйін ұйымдастырды және заңсыз есірткі сақтады деп айыпталған қызға қатысты сот отырысы болған еді.

Серіктес жаңалықтары